Туған елге тағзым » Д.Қонаев атындағы орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасының
Aлакөл ауданы бойынша білім бөлімі"
"Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7 (72833) 3-31-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2019

Туған елге тағзым

 
«Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2019-2020 оқу жылы

Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай өткізілген  онкүндіктің қорытындысы туралы анықтама

        Алакөл аудандық білім бөлімінің 27.08.19 жылдың № 625-ө бұйрық негізінде 5-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай  28.08.19 жылы мектепішілік  №200-н бұйрығы негізінде  іс-шаралар жоспарланып, бекітілді. Іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізілуі үнемі қадағаланып отырылды. Мектеп маңдайшасы, мөрлері, көрнекі насихаты мемлекеттік тілде жазылған.  Аталған жоспар негізінде мектеп кітапханашысы М.Жумашева « Тілім менің тірегім, соғып тұрған жүрегім»  атты көрме ұйымдастырды.   
Жас ұрпақты ана тілінің қадір- қасиетін түсінуге шақыру, туған  халқының қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, ана тілі туралы өлең, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, оқушыларды туған тілі ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу,Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, оны одан әрі дамытуға баулу мақсатында өтті. 
       «Тіл-халық жаны» атты Л.Ященконың ұйымдастыруымен 2-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Кеш Л.Ященконың «Отан туралы» өлеңін мәнерлеп оқуымен басталды. Әсіресе,   сынып оқушылары белсене қатысты. Жеңімпазды анықтау әділқазы алқаларына қиынға соқты. Себебі балалардың көпшілігі бағалау критерийіне сай мәнерлеп оқыды. Оқушылардың көздерінен еліне, жеріне, тіліне деген ыстық ықыласы мен махаббатын анық аңғаруға болатын еді.  І орын –  , ІІ орын-  ІІІ орын-   иеленді. 
             Қыркүйек  айының 3-і күні «Абай-дана, Абай-дара» жыр мүшәйрасы 5-11 сыныптар    аралығында өтті.   Мақсаты : оқушыларды  Абай шығармаларын, өлеңдерін білуге, оны мәнерлеп айта білуге және жатқа айта білуге үйрету, Абай әндерін нақышына келтіре отырып айта білуге баулу.Сайыстың кіріспе бөлімінде Абай шығармашылығы туралы «Абай-дана, Абай-дара» атты слайд көрсетілді. Мектепішілік кітап көрмесі ұйымдастырылды.          Сайыс 1 бөлімнен тұрды.   Абай шығармаларын  жатқа айту. 5-11 сынып оқушылары Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, әрі белсене қатысты.  Жыр мүшәйрасы  өте  мазмұнды  өтті. Оқушылар жақсы дайындықпен келген. Әділқазылар оқушылардың өнерлерін тамашалай отырып, төмендегідей марапаттаулар жасады: 
    Бас жүлде : 11 а сыныбынан  Исмагулова Аружан
І орын:    9 а сыныбынан Нұрмұқаш Дамир
ІІ орын:  7 а сыныбынан Мұрат Айсана, 6 а сыныбынан Иманғали Жұлдыз
ІІІ орын:  Берікқызы Динара, Тлеуберді Аяулым, Төлеш Айсана  
 Қалған оқушылар әр түрлі номинация бойынша мақтау қағазымен марапатталды. 
            Қыркүйек айының 4-і күні     мектепішілік 5-9 сыныптар арасында тілдер мерекесінің онкүндігі аясында   «Қасиет пен құт дарытқан –ана тілі» атты  мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. 
       Қыркүйек айының 5-і күні Қазақстан халықтарының тілдері күніне салтанатты жиын өткізіліп, онкүндіктің  қорытындысы  шығарылып, оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.  Тіл мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар барысы туралы БАҚ бетіне мақала жіберіліп, аудандық «Алакөл» газетінің 21 қыркүйек 2019 жылғы  №38 санына «Тіл-ұлттық қазына»  атты  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.М.Бейсенованың мақаласы жарияланды. 

Похожие публикации:

29 ноябрь 2019 Робототехника
Мекен жайымыз
Алакөл ауданы, көшесі А.Бейсеова, үй №3

©2016-2022, Ресми сайт "Алматы облысының білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru